Tumandy Qala

АйБек Жанысбаев, Данияр Кулымшин

Арамызда шам жанбайды,
Бүкіл әлем сөніп қалғандай.
Мен әлі іздеймін жарық сәулені,
Бізге тәуелді, көзіңе қараймын әлі де...

Жүрегіңе жылу тарай ма?!
Ол да тыныштықты қалайды.
Бұл қала біздермен ойнайды,
Ал біз қалайық шынайы боп.
Сезімдердің бәрі саған ұнайды,
Ол да тұр саз және лай боп,
Қалағаныңды орындап беретіндей бүгін.

Бірақ...

Жұлдыздар ағып барады,
Бірақ құламайды,
Біздей жыламайды,
Біздей бола алмайды.
Айдың сәулесі саған түскені ұнайды,
Көз жас жылтырайды,
Бір затты сұрайды...

Тұманды қаланы жарып шығып, жүгірейік (жарып), (x2)
Тұманды қаланы жарып шығып, жүгірейік, биік.
Тұманды қаланы жарып шығып, жүгірейік (жарып), (x2)
Тұманды қаланы жарып шығып, жүгірейік, биік.

Бәрінен биік,
Көзің алдайды,
Сезім білінбейді.
Ойлағаныңнан енді кейін,
Ойлағанымнан енді кейін.

Бостандықта ұшқан бұлбұлым да менің,
Сайрашы менің күлгін күндеріме келіп.
Бәрін өзгерту керек екенін де білесің,
Тілектер ағып барады жұлдыздарға да ілесіп.
Сағыныштың да дәмін беред(і) еріндерің иә,
Еденге құлап бара жатқан киімдерің иә,
Осындай сәтте ұмытасың,
Кімдікі дұрыс деген әңгімелерді ууу.
Мен сөндім! - дейд(і).
Қайда кешегі айтқан біздің үй?
Әлі де үміт бар, бірақ осы түннің соңғы сөзі:
“Қош бол, мен саған бақыт тілейм(ін)!”

Жұлдыздар ағып барады,
Бірақ құламайды,
Біздей жыламайды,
Біздей бола алмайды.
Айдың сәулесі саған түскені ұнайды,
Көз жас жылтырайды,
Бір затты сұрайды...

Тұманды қаланы жарып шығып, жүгірейік (жарып), (x2)
Тұманды қаланы жарып шығып, жүгірейік, биік.
Тұманды қаланы жарып шығып, жүгірейік (жарып), (x2)
Тұманды қаланы жарып шығып, жүгірейік, биік.

Сүй, сүй!
Сүйгенге кінә жоқ,
Мен әлі де күтіп тұрмын!
Бұрылып кетсем де,
Бұл жүрек сендік.
Өмірде сан-түрлі жол, білем,
Қалаған ұяңа қон ей.
Соңғы рет алғашқыдай,
Мына мені танымай...
Сүй, сүйгенге кінә жоқ,
Мен әлі де күтіп тұрмын!
Бұрылып кетсем де иә,
Бұл жүрек сендік иә.
Өмірде сан-түрлі жол, білем,
Қалаған ұяңа қон ей.
Соңғы рет алғашқыдай,
Мына еріндерді сүй!

Curiosités sur la chanson Tumandy Qala de DNA

Qui a composé la chanson “Tumandy Qala” de DNA?
La chanson “Tumandy Qala” de DNA a été composée par АйБек Жанысбаев, Данияр Кулымшин.

Chansons les plus populaires [artist_preposition] DNA

Autres artistes de Japanese music